Ел бюджетінен Париж Олимпиадасына қанша теңге бөлінді?

1835
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/9cd29bd6-cf09-4528-a4ad-a7fc82ecdcd8-960x500.jpeg?token=45c42953273b28516c4f73d16be161c4
Қазақстан бюджетінен Ұлттық құраманың Парижге дайындығына 1 миллиард теңгедей жұмсалған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Елімізден биылғы бәсекеге 80 спортшы спорттың 25 түрінен 92 лицензияға ие болған еді. Алайда қос теннисші Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева аламанға қатысудан бас тартты.
Кейіннен БАҚ беттерінде Париж Олимпиадасына қанша теңге бөлінгені туралы ақпарат жария болды.
«Ұлттық құраманы дайындауға және оның Олимпиада ойындарына қатысуына шамамен 980 миллион теңге жұмсалды», – деген еді туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.
Төртжылдықтың бас додасының нәтижесінде медаль саны бойынша Қазақстан 43-орынға тұрақтады. Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола – барлығы 7 медаль бар.
Пікірлер