Қазақстандық спортшылар Иорданияда өтіп жатқан әлем біріншілігінде финалға шықты

1526
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Иорданияда өтіп жатқан күрес түрлерінен еліміздің қос спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде грек-рим күресінің шеберлері бақ сынауда. Боз кілемге шыққан балуандар арасынан екі қазақстандық финалға шықты.

55 келі салмақта белдесіп жатқан Алпамыс Болатұлы ақтық сынға жолдама алды. Ол Жапония, Иран және Армения балуандарын ірі есеппен жеңіп, бәсте басым түсті. Енді спортшының финалдағы қарсыласы - америкалық  Джейден Скотт Рэйни болмақ.

Қазақстандық екінші спортшы Еркебұлан Анапия 80 келіде сынға түсіп жатыр. Ол әлем чемпионатының финалында белдеседі.

Сондай-ақ, үшінші спортшы 48 келідегі Едіге Төлеутаев та қола жүлдеге таласпақ.

Пікірлер