Абылайхан Жүсіпов Үндістан боксшысынан жеңіліп қалды

2746
Adyrna.kz Telegram

Бокстан Иорданияның Амман қасында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің жартылай финалында Абылайхан Жүсіпов шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды adyrna.kz.

69 келі салмақ дәрежесі бойынша алаң төрінде жерлесіміз үндістандық Викаш Киршанмен кездесті. Екінші раундта Викаштың қабағы жарылғанымен, ойын тізгінін қолдан бермеді. Төрешілер шешімімен Үнді боксшысы жеңімпаз деп танылды.

Айта кетейік, ширек финалда Абылайхан Жүсіпов Таиланд боксшысы Вуттичай Масукпен кездесіп, жеңіске жетті. Сонымен қатар, Токио Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізген болатын.

 

Ұларбек Дәлейұлы

Пікірлер