Қазақстанда әкімдерге жаңа өкілеттік берілмек

1310
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Қазақстанда әкімдерге жаңа өкілеттіктер беріледі. Бұл туралы бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жаңа ереже бойынша үкімет жанындағы кеңестердің біріне Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерін кіргізу жоспарланған.

Жаңа бастаманы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынған, құжатта әкімдерді үкіметтің технологиялық саясат жөніндегі кеңесінің құрамына енгізу ұсынылды. Аталмыш кеңестің құрамына президенттің ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі де кіреді.

Әзірге бұл кеңестің құрамына премьер-министр, барлық министрлер, сондай-ақ агенттіктер мен ұлттық компаниялардың басшылары кіреді.

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, бұл атқарушы билік пен инновациялық сала өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері арасындағы жұмысты үйлестіруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, үкімет жанындағы "технологиялық саясат жөніндегі кеңес" 2022 жылы құрылған. Кеңес консультативтік-кеңесші орган қызметін атқарады және "мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында" құрылған.

Заң жобасы 3 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.

Пікірлер