Алматыда автобус адамды соғып кетті

1227
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

18 тамыз күні кешкісін Алматыда автобус адамды соғып кетті.  Бұл туралы Kozachkov offside Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық поратлы.

Мәлімет бойынша, қайғылы оқиға кеше Сейфуллин даңғылында болған.

«Маған @koza4kov_bot-қа жіберілген видеода жаяу жүргіншінің өзі көліктің астына түсіп кеткендей көрінді. Енді құқық қорғау органдары қандай шешім қабылдайтыны өте қызық - автобус жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма, әлде қылмыс құрамы болмағандықтан істі тоқтата ма?»- делінген видеоның астындағы жазбада.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты.

«Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шешім қабылданады. Істің мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады полиция.

Пікірлер