Алматыда тағы бір автобус жол апатына ұшырады. Полиция мәліметінше, автобус пен жеңіл көлік соғылып, салдарынан екі адам қаза тапқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Жол апаты түнде Алматының Медеу ауданында болды.
«Тойота» маркалы автокөліктің жүргізушісі Талғар тас жолымен батыс бағытта келе жатып, қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобуспен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Тойота» көлігіндегі екі жолаушы қаза тапты», - деп хабарлады ведомстводан.
Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.