Германияда фестиваль барысында айналмалы дөңгелек өртенді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қызыл жалын елдегі Штермталь көлінде өтіп жатқан Хайфилд фестивалінде орын алған. Кешкі сағат тоғыздар шамасында аттракцион қосылғанда бір кабина өртеніп бастағаан. Қызыл өрт екінші кабинаға да тарап, адамдар даурыға бастады. Өрт кезінде айналмалы дөңгелек ішінде адам толы болған.
"Біз күйген пластиктің иісін сезіндік, бірақ ол жақын маңдағы кабинадан шықты деп ойламадық", – деді фестивальге келуші.
Өрт салдарынан төрт адам ауыр күйік алған. Ал, 2 адам өрт шыққан кезде кабинадан құлап жарақат алды. Одан бөлек, 18 адам көмірқышқыл газынан уланып, зардап шеккен.
Айта кетейік, 24 маусымда Алматыда Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында жас ана аттракционнан құлап, мерт болған еді.