Анасы өзіне қол салып, аттракционнан құлаған. Алматы облысында кішкентай қыз өлі табылды

1564
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 24 маусымда Алматыда Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында жас ана аттракционнан құлап, мерт болған.  Бұл туралы Zakon.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алдымен әлеуметтік желіде биіктен секірмес бұрын жас келіншектің баласын тұншықтырып өлтіргені туралы ақпарат тарады.

Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары қыз баланың денесін де тапқан.

Ақпарат бойынша, Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі қыз баланың денесі табылғанын растаған.

«Кәмелетке толмаған баланың өлім фактісі бойынша тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деді полициядан.

Саябақта әйел адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Қалалық полиция департаменті өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

 

Пікірлер