Ембідегі кәріз бекетінде екі жұмысшы қаза тапты

937
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Ақтөбе облысында кәріз суын соратын бекетте екі жұмысшы тұншығып, қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ктк-ға сілтеп.

Қайғылы оқиға бірер күн бұрын болған. Оларды құдықтан шығаруға барған тағы екі жұмысшы есінен танып, ауруханаға түскен.

Ембі қаласындағы кентте бес кәріз сорғысы бекеті бар. Оның бірін жөндеуге барған жұмысшы бірнеше уақыт бойы сыртқа шықпай. Артынан марқұмның 58 жастағы әріптесі бекетке кірген. Бірақ екеуі де иіске уланып, тіл тартпай, жан тапсырған.

Кейін кәріз бекетіндегі есінен танғандарға жәрдем бермекші болған 46 және 53 жастағы жұмысшылардың да жағдайы тексеріліп, ауруханаға жеткізілді.

“Кәріз жүйесіне жөндеу жүргізіп жатқан 1966 жылғы екі азамат қаза болды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Мекеме тарапынан қаза болған жұмысшылардың отбасына материалдық-моральдық көмек көрсетілетін хабарлай отырып, отбасына қайғырып көңіл айтамыз”, - деді «Ембі жылу» КМК бас инженері Алтынбек Манабаев.

Пікірлер