16 тамыз күні, түнгі уақытта Қостанай облысының Новонежинка ауылында екі жүк көлігі мен бір жолаушы көлігі соқтығысты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қостанайлық құтқарушы оқиға орнына жақын жерде болып, зардап шеккендерге дереу көмектескен.
«Оқиғаның куәгері Әулиекөл ауылының №15 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Аслан Байгөбенов апаттан үш адамды, оның ішінде бір баланы құтқаруға көмектесті», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер жедел жәрдем дәрігерлеріне жеткізілгені хабарланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram