Үкімет 2025 жылы инфляция төмендейді деп болжам жасады

1569
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері және Үкіметтің ортамерзімді кезеңге арналған болжамдары қарастырылған кеңес өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға премьер-министр Олжас Бектенов, президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, ұлттық банк төрағасы, жоғары аудиторлық палатаның төрағасы, Үкімет мүшелері және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.

Мемлекет басшысына негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, республикалық бюджеттің биылғы 7 айдағы орындалуы және 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасындағы макроэкономикалық параметрлер жөнінде баяндалды.

Үкімет келесі жылы экономика 5,6 пайыз деңгейінде өсім көрсетеді, ал инфляция 5,5 – 7,5 пайызға дейін төмендейді деп болжам жасап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау және мемлекеттік бюджет сапасын арттыру, орталықтағы және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік шығындарды басымдығына қарай реттеудің нақты механизмін енгізу, сондай-ақ көлеңкелі экономикамен күрес шараларын күшейту туралы міндет жүктеді.

Пікірлер