Президент тапсырмасы бойынша Түрксіб ауданында 730 орындық 3 мемлекеттік балабақша бой көтереді

2568
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында: «Білім беру жүйесі- ұлт сапасын сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады.Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет.»,-деп қадап айтқан еді. Мемлекет басшысының бұл сөзін ірі мегаполистерде бірден басшылықа алынып жатыр. Бұл қатарда Алматы қаласы да бар , деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Бүлдіршіндерді балабақшамен қамту ісі Алматы қаласында қарқын алуда. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданынының тұрғындарымен кездесу кезінде мәлімдеді.

Шаһар басшысының сөзіне сүйенсек, алдағы уақытта тұрғындар қуанышы еселене түспек. Өйткені, 730 орындық 3 бірдей мемлекеттік балабақша салу жоспарлануда. Бұның бырлығы мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын қысқарту мақсатында іске асырылмақ.

Сонымен қатар, Қайрат шағын ауданында 260 орындық бала бақша құрылысы 2023 жылы аяқталады деп күтілуде.

Естеріңізге саламыз, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында:  "2025 жылға дейін 800 мың бала заманауи мектепке оқуы керек, біз соған жағдай жасаймыз деген еді.  Соның нәтижесінде апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешіледі",- деген болатын.

Мемлекет басшысының бұл пәрмені де Алматы қаласында дер кезінде жүзеге асуда.  Нақтырақ айтар болсақ, Түрксіб ауданындағы  тұрғындарды алаңдатқан мектептегі орын санының тапшылығы өз шешімін таппақ.  Бүгіңде Түрксіб ауданында 1350 орындық  3 мектепті – №59, №195 және №198  кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Сондай-ақ, №59 мектеп-гимназиясының аумағында қазан айында 300 оқушыға арналған жаңа ғимарат пен қосымша құрылыс салынады.

Айта кетеу керек, бұл ретте  ескі ғимараттың бір бөлігі бұзылады. №195 және №198 мектептер бойынша 1050 орынды қосалқы нысандар құрылысының  ЖСҚ әзірлену үстінде. ЖСҚ-ны 2023 жылғы шілдеде аяқтау жоспарлануда.  Сондай-ақ жыл соңына дейін Қайрат шағын ауданында 1500 орындық мектепті  пайдалануға беру жоспарлануда.

Пікірлер