Маймыл шешегіне байланысты жаһандық төтенше жағдай жарияланды

1585
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Reuters
Сурет: Reuters

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің өршуіне байланысты жаһандық төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы 14 тамызда ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет жиналып, болып жатқан жайт денсаулық сақтау саласындағы халықаралық мәнге ие төтенше жағдай екенін жеткізді. Мен бұл кеңесті қабылдадым»,—деді ол.

Тедрос Гебрейесуст шешек індеті Конго Демократиялық Республикасында он жылдан астам уақыттан бері тіркеліп келе жатқанын атап өтті. Айтуынша, биыл індет жұқтырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп.

«2024 жылы бұл дертті 14 мыңнан астам адам жұқтырып, оның 524-і көз жұмды. Африка мен одан тыс жерлерде ауру тез тарап жатыр»,–деп толықтырды ұйым басшысы.

Еске салайық, бұған дейін ДДҰ 2022 жылдың шілдесінде осы инфекцияға байланысты төтенше жағдай жариялаған еді.

Пікірлер