ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әлемді дендеген маймыл шешегі инфекциясының Қазақстанда таралуын болдырмау бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдағанын хабарлады.
Әуежайлар мен шекара өткелдерінде санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді. Инфекцияның таралуын алдын алу үшін:
1. Ауру адамдармен және жабайы жануарлармен байланыста болудан аулақ болыңыз. Вирус жұқтырған маймылдармен, егеуқұйрықтармен және басқа жануарлармен байланыста болуы мүмкін.
2. Қорғаныс құралдарын қолданыңыз. Жануарлармен немесе олардың өнімдерімен байланыста болған кезде қорғаныс киімдері мен қолғаптарын қолдану маңызды.
3. Гигиенаны сақтау. Қолды үнемі жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдану инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі.
4. Аса қажеттілік туындамаса, маймыл шешегі тіркелген елдерге шықпауға кеңес береміз.
5. Алғашқы белгілер пайда болған кезде дәрігерге жүгініңіз. Егер бөртпе, жоғары температура және басқа да белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.