Ақмола облысының қалалары мен ауылдық елді мекендерінде ауыз су мәселесі қалай шешеліп жатыр

1182
Adyrna.kz Telegram

Макинск қаласында және Бұланды ауданының басқа да елді мекендерінде су құбыры желілерін қайта құру бойынша бірнеше инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан су шаруашылығы инфрақұрылымын кешенді жаңғырту шеңберінде халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қолға алынған.

"Макинск қаласында су құбыры желілерін қайта жаңарту осы жылдың жазынан басталды. Бүгінгі таңда қаланың 8 көшесінде құбыр тарту жұмыстары аяқталды, 169 құдық монтаждалды, 12 шақырымнан астам абоненттік құбыр салынды", - деп атап өтті Бұланды ауданының құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Елка Жарья.

Айта кетсек, су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары ауданның елді мекендерінде де жүргізілуде. Төрт ауылда инфрақұрылымдық жобалар ағымдағы жылы аяқталады, бұл 2000-нан астам адамды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Пікірлер