Олимпиада ойындары. Брейкингтен отандасымыз Әмір Закиров ширек финалға шықты

1307
Adyrna.kz Telegram
Қазақстандық брейкдансер Әмір Зәкіров. Фото: Elsa/Getty Images
Қазақстандық брейкдансер Әмір Зәкіров. Фото: Elsa/Getty Images

Париж Олимпиадасында қазақстандық бишіміз Әмір Закиров үшінші кездесуінде жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Париж Олимпиадасында брейкингтен ел намысын қорғап жатқан AMIR үшінші баттлда тайпейлік QUAKE-ті жеңіп, D тобынан екінші орынмен 1/4 финалға шықты.

Қоса кетейік, Брейкинг немесе брейк-данс – көше биі, хип-хоп мәдениетінің бір түрі. Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, брейкинг 1970 жылдары АҚШ-та пайда болған. Ол акробатикалық қозғалыстармен және аяқ қимылымен орындалады. Биылғы Олимпиададан бастап брейкинг өнері спорт түрі ретінде саналып, елдер арасында мықтыларды іріктейтін болады.

Пікірлер