Жүргізуші зардап шеккен. Ақмола облысында жол апаты орын алды

2471
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_6664.jpeg
Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы (ЖКО) орын алып, жүргізуші зардап шекті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы облыстық Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.  «Бүгін Бурабай ауданында Щучье-Бурабай тас жолында жүргізуші зардап шеккен жол-көлік оқиғасы болды», - делінген хабарламада. Оқиға орнына шақырылған құтқарушылар дереу зақымдалған көліктен бір адамды шығаруға кіріскені хабарланды. Жедел-құтқару жұмыстарының нәтижесінде ер адам құтқарылып, жедел жәрдемге жеткізілді.
Пікірлер