"Мен боламын демеңдер..." Бүгін - Абай күні

2510
Adyrna.kz Telegram

10 тамызда қазақстандықтар дәстүрлі түрде Абай күнін атап өтеді. Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының туғанына бүгін 179 жыл толды, деп  хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы 1845 жылы Семей облысында дүниеге келген. Абайдың шығармашылығы мен тұлғасы күні бүгінге дейін ұлттық болмысымыздың символы ретінде көрініс табады.

Абайдың шын есімі – Ибраһим. «Абай» деген есімді оған анасы Ұлжан қойған. Ақынды сөз өнеріне ерте баулыған ​​әжесі Зере. Ол немересінде білімге деген сүйіспеншілік пен құштарлықты оята алды.

Ақын тірісінде «мыңмен жалғыз алысқан» тұлға. Ағарту саласында ұлтқа еңбек сіңірген ойшыл. Тек қайтыс болғаннан кейін бес жыл өткен соң, оның «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері» атты шығармалар жинағы жарық көрді.

Абай Құнанбайұлы 170-ке жуық өлеңнің авторы. Сонымен қатар, орыстың ұлы ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ең маңызды өлеңдерін 40 жасында жаза бастады. Абай Құнанбайұлы қазақ әдебиетіне бұрын белгісіз жаңа поэтикалық формаларды енгізді. Қазақ тілін меңгерудің негізгі қағидаларын ұстана отырып, ана тілінің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға жаңа жол ашты. 1886 жылға дейін өз шығармаларын Көкбай Жанатайұлы деген атпен жазған. Бұл адам – Абайдың жақын досы, әрі шәкірті болған. Ақынның ұлы Тұрағұл, Алаш партиясының мүшелері Әлихан Бөкейхан мен Міржақып Дулатовқа баспана бергені үшін сотталып, жер аударылған. Абайдың құрметіне аталған қалалар Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ, Киевте, Ташкентте, Делиде, Каирде және тіпті Берлинде бар.

Бүгінге дейін ұлы ойшылдың туындылары 60-тан астам тілге аударылған.

Айта кетейік, Абай күні Үкімет қаулысымен 2020 жылы – Абайдың 175 жылдығында белгіленген болатын. Содан бері жыл сайын 10 тамызда аталып өтеді. Ал одан бұрын алғашқы Абай күні шарасы 1968 жылы аталып өткен. Сонда Ресейдегі Пушкин күндері сияқты тұрақты атап өту туралы айтылған. Бірнеше аталып өтілген бұрынғы Абай күндері кейін жергілікті шаруашылық шарасымен бірге аталып жүрді де соңында ел алғашқы Абай күнін ұмыта бастаған.

 

Пікірлер