“Бәрімізден кінә бар”. Бокс федерациясының президенті Париж Олимпиадасы жайлы ойын айтты

1038
Adyrna.kz Telegram

ҚР Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Париждегі Олимпиадада жұдырықтасқан боксшылар жайлы ойын айтып, бокс саласына реформа қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Өзімізден жауапкершілікті алып, ақталатын жайымыз жоқ. Бәрімізден кінә бар. Федерация тарапынан да, жаттықтырушылар тарапынан да ағаттық кетті. Енді жіберген қателіктермен жұмыс істеп, нәтиже шығару қажет. Қазір біз шешімге келдік, қазақ боксына реформа жүргізіледі”, - деді Шахмұрат Мүтәліп.

Айта кетейік, қазақстандық былғары қолғап шеберлері алтын медальді соңғы рет Рио олимпидасында еншіледі. Париж жерінде ерлер құрамасынан Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанса, әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, Шахмұрат Мүтәліп федерация тізгінін биыл ақпан айында ұстаған.

Пікірлер