Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0-1, 21 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Boxingscene.com мәліметінше, Ислам келесі жекпе-жегін 20 ақпанда Майамиде (Флорида штаты) өткізеді. 10 раундтық кездесуде ол ганалық Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасады.
Ислам 2019 жылдың қазанынан бері рингке шыққан жоқ. Кейінгі жекпе-жегінде намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңіп, орта салмақта WBO International титулын иеленген еді.
Ал Ободаи Саи 2019 жылы 9 тамызда соңғы рет рингке шығып, конголық Мардочи Катембомен тең тарқасқан.
«Адырна» ұлттық порталы