Ұлттық қордың валюталық активтері шілдеде 342 миллион долларға азайды

1349
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

2024 жылғы шілдеде Қазақстан Ұлттық қорының валюталық активтері 342 миллион долларға қысқарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлттық банк ақпаратына сілтеп. 

ҚР Ұлттық қорының активтері 2024 жылдың маусымымен салыстырғанда шілдеде алдын ала мәліметтер бойынша 0,55%-ға азайып, 61,15 млрд долларды құрады, делінген жұма күні реттеуші ұсынған баяндамада.

2024 жылдың басымен салыстырғанда валюталық активтер 1,87%-ға өсті.

Пікірлер