Қазақстан мен Қытай жаңа сауда-экономикалық бағдарлама мен жол картасын бекітті

132
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/q6bPWB7jb4wMKTYZ7tDrE0bH2ht6mvWEO2OZlPVI.jpg

Фото: Ақорда

Қазақстан мен Қытай 2027–2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы мен жол картасына қол қойды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

«Қазақстан Президенті мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы арасындағы кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы 2027–2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы және жол картасына қол қойылды», – делінген хабарламада.

Құжаттарға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Шанхайдағы келіссөздерінің қорытындысы бойынша қол қойылды.

Аталған құжаттар алдағы төрт жылға арналған екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайды.

Пікірлер