Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанға келді. Оны Астана халықаралық әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәртебелі мейманның құрметіне әуе айлағында салтанатты қарауыл жасақталды.
Өзбекстан басшысы 7-8 тамызда мемлекеттік сапармен елімізде болады. Сапар барысында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, жұма күні, 9 тамызда Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі өтеді, оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан басшылары қатысады.