Петропавлдағы көп балалы отбасында он тоғызыншы сәби дүниеге келді

1285
Adyrna.kz Telegram
фото: Qazaqstan Media
фото: Qazaqstan Media

Петропавлдық отбасында 19-сәби дүниеге келді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Петропавлда республика бойынша ең үлкен және ең атақты Құлтышевтар отбасында 19-шы сәби дүниеге келді. 6 тамызда салмағы 4250 грамм, бойы 56 см болатын қыз бала өмір есігін ашты», - делінген хабарламада.

Қазір Павел мен Татьяна Құлтышевтардың 10 ұлы, тоғыз қызы бар. Құлтышевтар 2000 жылы шаңырақ көтергені хабарланды.

«Отбасындағы алғашқы сәбиді Татьяна 20 жасында дүниеге әкелді. Қазір 23 жастағы қыздары Иннаның да қазір балалары бар», - делінген хабарламада.

Пікірлер