Петропавлды Ресей құрамына қосуды сұраған қазақстандық әйел сотталып кетті

2919
Adyrna.kz Telegram

Видеочатта белгісіз адаммен сөйлесіп отырып, Петропавл қаласына Ресейге өткізуді сұраған петропавлдық әйел сотталып кетті, деп жазады "Адырна". 

Оқиға 2021 жылы қыркүйекте болған. Татьяна С. "Рулетка" чатында отырған. Олар белгісіз бір ресейлік ер адаммен видео арқылы сөйлесіп отырған.

Желіде тараған видеода ер адаммен диалог көрсетіледі.

"Сіздердің еліңізде кім президент болғанын қалайсыз?", - деп сұрайды ер адам.

"Путин және Назарбаев", - дейді әйел адам.

"Мен Путин деп ойлаймын, ал ол Назарбаев деп есептейді. Немесе керісінше", - дейді қасындағы әйел.

"Біздің Петропавлды өздеріңізге алыңыздаршы. Қырымды алғандай", - дейді видеодағы әйел.

Татьяна С-ға сепаратизм бойынша айып тағылып, ол сот үкімі бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл 30 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалалық соты Татьяна С.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабының 2-бөлігі ("Сепаратистік әрекет") бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Соттың үкімі әлі күшіне енген жоқ.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер