Маңғыстауда жол апаты болып, бір бала қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.
Тас жолдағы жол апатынан 7 адам зардап шекті. Қайғылы оқиға Түпқараған ауданы Форт-Шевченко тас жолының 43-ші шақырымында болған.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар қызметі көліктің түгелдей жанып кеткенін мәлімдеді.
Маңғыстау облыстық жедел жәрдем зардап шеккен 2016, 2015 және 2019 жылы туған 3 бала облыстық балалар ауруханасына, қалған ересектер көпсалалы ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.