Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты

706
Adyrna.kz Telegram
фото: ҰОК
фото: ҰОК

Парижде өтіп жатқан Олимпиадада қазақ балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов ширек финалға шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Қазақстандық грек-рим балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов 2024 жылғы Олимпиада ойындарын сәтті бастады», - делінген хабарламада.

1/8 финалда балуан мысырлық Мохамед Метваллимен кездескені хабарланды. Бірінші кезең 1-0 қарсыластың еншісінде қалды.

Дегенмен, екіншісінде Тұрсынов 9 ұпай жинап, кездесудің бағытын өзгертті. Қорытынды есепте 10-1 ұпаймен отандасымыз жеңіске жетті.

Пікірлер