Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты

2250
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_6548.png
Парижде өтіп жатқан Олимпиадада қазақ балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов ширек финалға шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп. «Қазақстандық грек-рим балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов 2024 жылғы Олимпиада ойындарын сәтті бастады», - делінген хабарламада. 1/8 финалда балуан мысырлық Мохамед Метваллимен кездескені хабарланды. Бірінші кезең 1-0 қарсыластың еншісінде қалды. Дегенмен, екіншісінде Тұрсынов 9 ұпай жинап, кездесудің бағытын өзгертті. Қорытынды есепте 10-1 ұпаймен отандасымыз жеңіске жетті.
댓글
기타 기사