Германияның батысында қонақүй құлап, бір адам қаза тапты

933
Adyrna.kz Telegram
Фото: Christian Schulz/Foto Hosser/dpa/picture alliance
Фото: Christian Schulz/Foto Hosser/dpa/picture alliance

Кеше, 6 тамыз күні шамамен түнгі сағат 23:00-де Германияның батысындағы Кроу шағын қалашығындағы көне қонақүйдің бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы dw.com сайтына сілтеп.

Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы сегіз адам үйінді астында қалды, олардың кейбірі ауыр жарақат алған. Олардың арасында кішкентай бала да бар, бірақ оған физикалық зақым келмеген.

Құлау кезінде қонақүйде барлығы он төрт адам болған. Бесеуі аман-есен, бірақ тағы тоғыз адам үйінді құрсауында қалды.

Құтқарушылар кішкентай баламен және зардап шеккен бес адаммен жіті байланыста. Полицияның баспасөз хабарламасында жоғалғандар арасында кішкентай бала бары айтылды. Қазір оның тынышталып, ұйықтап жатқаны және оның ата-анасымен байланыс орнатылғаны аталды.

Полиция құтқару операциясын «өте қиын жағдайда болғанын» айтты, өйткені тозығы жеткен жартылай ағаш ғимаратқа тек сақтықпен кіруге болады. Марқұм да үйінді астынан әлі шығарылған жоқ.

Оқиға орнында 250-ге жуық жедел жәрдем қызметкері, оның ішінде техникалық көмек көрсету қызметкерлері, өрт сөндірушілер, полиция, сондай-ақ құтқару иттері бар. Оқиға болған жер зерттелуде.

Пікірлер