Үнді мұхитында Қытай кемесінің апатқа ұшырауы салдарынан 39 адам із-түзсіз жоғалып кетті, - деп хабарлайды "Адырна" порталы DW сайтына сілтеме жасап.
Кеме апаты Үнді мұхитының орталық бөлігінде Бейжің уақыты бойынша түнгі сағат үштер шамасында болған. Кеме бортында 39 адамнан тұратын экипаж болған. Олардың 17-сі Қытай, 17-сі Индонезия және 5-і Филиппин азаматтары.
Кеме Penglai Jinglu Fishery компаниясына тиесілі және Шаньдун провинциясындағы порттардың бірінде орналасқан.
Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың Лу Пэн Юан Юан Ю 028 балықшы кемесі суға батып кетуі салдарынан із-түссіз жоғалған балықшыларды іздестіру және құтқару үшін бар күш-жігерді салуды талап етті.
"Адырна" ұлттық порталы