Оралда 47 жастағы жұмысшы көпірді жөндеу кезінде суға батып кетті

894
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Оралда 47 жастағы жұмысшы су тасқыны кезінде қираған көпірді жөндеу кезінде суға батып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Мой город»-қа сілтеп.

«6 тамызда Шаған өзеніндегі жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің қызметкері абайсызда көпірден құлап, суға батып кеткен. 47 жастағы ер адамды құтқару мүмкін болмады. Мәйіт судан шығарылды», - деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметі.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, көктемде бұл көпірде мұз кептеліп, салдарынан көпір қираған. Ауыл тұрғындары жергілікті билікке көпірді жасап беруді өтініп, бірнеше рет шағымданған. Өйткені қалада жұмыс ітейтін тұрғындарға айтарлықтай зияны тиген.
Пікірлер