Ақтөбедегі зауыттардың бірінде ер адамға найзағай түсіп мерт болды

992
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жұмысшыға найзағай түсіп, мерт болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы аймақтық «Диапазон» басылымына сілтеп. 

«Жедел жәрдем станциясына ферроқорытпа зауытынан қоңырау түсті. Сондағы жұмысшыға найзағай түскені хабарланды. Келе сала дәрігерлер аулада шамамен 35 жастағы ер адамның жерде жатқанын көрген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жұмысшылардың айтуынша, ер адам кешкі астан кейін сыртқа шығып, терезеден оның найзағай соғып, құлағанын көргенін хабарлады. Дәрігерлер оның бойындағы жүрек соғысын анықтай алмаған. Айтуларынша, ер адам аса қатты соққан найзағайдан жедел жәрдем келгенге дейін қаза болған», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.

Оқиға 8 тамыз күні кешкі сағат 17:00 шамасында болған.

Пікірлер