Костенко атындағы шахтадағы апатты тергеу нәтижесінде 7 адам ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратура Костенко шахтасындағы апатты тергеудің алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оларға тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бойынша айып тағылып отыр.
"Сондай-ақ "Арселор Миттал Теміртау" АҚ мен Қарағанды облысы өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген тұлғаларына да құқықтық баға берілетін болады" - делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Еске салсақ, 2023 жылдың 28 қазанында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы көмір шахталарында бірқатар жарылыс болып, нәтижесінде 46 адам қаза тауып, 28 кенші жарақат алған болатын.