Грек-рим күресінен ел спортшысы қарсыласын құлатты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ұлттық құрама палуаны Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалында Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты 3-1 есебімен жеңді.
Ол қырғызстандық қарсыласын көтеріп алып, кілемшеге айналдыра лақтырды.
Енді жартылай финалда отандасымыз Әзірбайжан өкілімен белдесуі мүмкін.