Ерлер арасында жылдамдыққа құзға өрмелеуден аралық кезеңде ел спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазақстан атынан Париж Олимпиадасына қатысып жатқан Әмір Маймұратов А жолағында 4,89 секунд нәтижесін көрсеткен болатын. Осылайша спортшы Олимпиада рекордын жаңартты.
Ширек финал, жартылай финал, финалдық кезеңдер 8 тамызда болады.