Желіде Мемлекет басшысының суретімен әрбір адамға қомақты қаржы берілетіні туралы жалған ақпарат тарады

481
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Желіде халыққа бір реттік әлеуметтік төлем туралы жалған хабарлама тарап кетті. Алаяқтар еліміздің әрбір азаматына 150 мың теңге берілетіні туралы ақпаратқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін пайдаланып, жариялаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Stopfake ақпаратты тексеріп, "жалған" деген мәлімдеме жасады.

Алаяқтардың аталмыш төлем туралы бірқатар министрліктердің хабарлағанын да қоса жазған. Одан бөлек, желіде жалған сөйлегендер Қазақстанда жоқ "ҚР қайырымдылық қорын" да көрсеткен.

Желідегі жарнамаға сенсек, бұл мемлекеттік бағдарлама Halyk Bank арқылы жүзеге асырылуда. Алайда банк сайтында деректер көрсетілмеген.

“Қылмыскерлер берген сілтемеде азаматтар төлемнің бар-жоғын тексеру үшін ЖСН теруге тиіс. Бұл айла. Күмәнді сайтта деректерді қалдыра отырып, сіз өзіңіз туралы маңызды ақпаратты белгісіз адамдарға бересіз. Олар оны өз мақсатында пайдалана алады. Баршаңызды тек ресми хабарламаларға ғана сенуге шақырамыз!”, – делінген хабарламада.

Пікірлер