Алтыннан үмітті. Боксшы Нұрбек Оралбай финалға шықты

1242
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Боксшы Нұрбек Оралбай жартылай финалда жеңіске жетті. Енді ол алтын жүлде үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жартылай финалда отандасымыз доминикандық Кристиан Хавьер Пиналеспен жұдырықтасып, қарсыласын тізе бүктірді. Қазақстандық боксшы 3:2 есебімен ақтық сынға өтті.

Әзірге Нұрбек финалға шыққан жалғыз қазақстандық боксшы болып отыр.

Нұрбек Оралбай өзінің тұңғыш Олимпиадасында алтын медальға таласады. Ол 2023 жылғы әлем біріншілігінде де топ жарған болатын.

Пікірлер