"Головкиннің бұрынғы бапкері". 22 жылға сотталған боксшы бостандыққа шықты

953
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vrkdlTuW1xpXTspWvb0KVI8ff9Jb24qrPqj7Bgw0.png

Қатаң режимдегі Заречный түрмесінде 22 жылын өткізген Серік Қалиев бостандыққа шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Оны абақты алдында туған-туыстары қарсы алып, Алматыға алып кеткен. 

Серік Қалиев – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Геннадий Головкин, Серік Сәпиев және Василий Жиров сияқты атақты боксшылардың бұрынғы бапкері. Ол 2004 жылы Алматыдағы жарылыс оқиғасына байланысты сол кездегі Бокс федерациясының президенті, Елбасының құдасы Асқар Құлыбаевқа қастандық жасамақ болды деген айыппен 25 жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін бұл жаза 22 жылға қысқартылған.

Қалиев тағылған айыптарды ешқашан мойындамаған. Адвокаты Айман Омарованың айтуынша, іс бойынша сот шешімі даулы болған, ал тергеу процесінде көптеген күмәнді жайттар тіркелген.

"Ол 22 жыл бойы ұлын, немерелерін көрмей, ауыр сынақтан өтті. Түрмеде С гепатитімен ауырып, денсаулығы нашарлады. Алайда шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы он рет берген өтініші қанағаттандырылмады", — дейді Омарова.

Серік Қалиев жазасын алдымен Степногорск пен Атбасар қалаларында өтеген. Соңғы бірнеше айда ол Алматы облысындағы Заречный түрмесіне ауыстырылған болатын. Адвокаттың сөзінше, Қалиев өзін «тозақтан қайтып келгендей» сезінеді.

Пікірлер