Мирзиёев мырза келе жатыр

909
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 7-8 тамызда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

9 тамызда Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті Консультативтік кездесуі өтеді.

Мұндай алғашқы кездесу 2018 жылдың наурыз айында Астанада өтті. Өңірлік мәселелерді бірлесіп шешу үшін тұрақты түрде консультативтік кездесулер өткізу Шавкат Мирзиёевтің бастамасы болды.

Естеріңізге сала кетейік, Мирзиёев Қазақстанға бір ай бұрын, яғни, Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті кезінде тағы келген болатын.

Пікірлер