"Ел қатарлы кептелісте тұрдым..." 20 минут үшін президент министрін сынады

1675
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AwD6fYwKKIwVNHsIHpeMkZKfttPTTyCOmCPdL1oJ.png

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев жол қауіпсіздігіне арналған кеңесте қаладағы көлік қозғалысының жай-күйін жеке өзі бақылағанын айтып, ішкі істер министрлігін сынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Президенттің айтуынша, ол өткен сенбі-жексенбі күндері рөлге өзі отырып, қала көшелерінде жүруге тырысқан.

"Мен де 15-20 минут бойы кептелісте тұрдым. Рөлде кім отырғанын ешкім білмеді. «Маған жол ашып бер!» деп айқайлаған жоқпын. Қарапайым халық секілді жолда тұрып көрдім", – деді Мирзиёев.

Ол бұл жағдайдан кейін Ішкі істер министрі Азиз Ташпулатовқа хабарласып, жағдайды өз көзімен көруді тапсырған.

Шавкат Мирзиёев қалалық кептелістің тұрғындардың көңіл күйіне тікелей әсер ететінін баса айтып, бұл мәселені дереу шешуді талап етті.

"Мәселені шешуге бола ма? Әрине, еш кедергісіз шешуге болады", – деді ол.

Айта кетейік, Өзбекстанда жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерге қатысты жаңа шаралар қабылданып жатыр. Жақын арада мұндай азаматтар көлік жүргізу құқығынан айырылатын болады.

Пікірлер