Қытай СІМ: Өзбекстан Қытайдың ұйғырларға қарсы саясатын қолдады

8298
Adyrna.kz Telegram

«Ғасырдың қара таңбасына» айналған Қытайдың ұйғырларға қарсы саясаты адам шошырлық. Себебі ұйғырларға агрессиялық сипаттағы саясат көрсетіп келген Қытайдан өзге елдер де қорқайын деді. Мәселен, Қытай СІМ хабарлауынша, Өзбекстан Қытайдың батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданындағы Қытай саясатын қолдайтын 50 елдің тізімінде.  Алайда бұған дейін Қытайдан батыстың 22 елінің елшілері Шыңжаңдағы этникалық ұйғырлар мен мұсылмандарды жаппай ұстауды тоқтатуын өтінген. Ресей, Тәжікстан және Түркіменстан да аяқасты Қытайдың «сайқал» саясатын қолдай жөнелді. Бұл туралы Қытайдың сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Аталмыш елдер Қытайдың лаңкестік жолында сәтті күресіп жатқанын және «адам құқықтарын қорғауда» айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін атап көрсетуде.

Мұсылман елдері де Қытайдың саясатын қолдады

Сонымен қатар мұсылман елдері Қытайдың ұйғырларға қатысты саясатын да қолдады. Бұл тізімге Оман, Кувейт, Катар, БАӘ, Бахрейн, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Сирия, сонымен қатар көптеген Африка елдерінің, Куба, Мьянма, Филиппин өкілдері кіреді.

Шыңжаң оқиғалары

2018 жылдың басында БАҚ Қытай билігі Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының 120 мыңнан астам азаматын террористік шабуылдардың алдын алу мақсатында лагерлердегі түзету жұмыстарына жіберді деп хабарлады.

Ізкесушілік пен тұтқынға алу қаупі төніп тұрған Провинцияның мұсылман халқы қысым көрді деп айтылды. Алайда Қытай билігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, елдегі адамдардың этникалық және діни құқықтары шектелмеген деп сендірді.

Өзбекстан СІМ түсініктеме берген жоқ

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Өзбекстанның Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын қолдайды деген хабарламасына түсініктеме берген жоқ.

 

Еске салайық, жақында Қытай, мұсылман мейрамханаларына араб әріптері мен исламға қатысты нышандарды алып тастауды бұйырған болатын.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер