Әйелі мен балаларын үйден күштеп қуып шыққан. Әйтеновке қатысты сот шешімі шықты

1488
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтенов 12 тәулікке қамауға алынды. 
Бұл туралы бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты үкім шығарды, деп хаьарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«1978 жылы туған Марат Әйтенов қылмыстық кодекстің “ұрып-соғу“ бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалсын», — делінген сот үкімінде.

А. сот шешімінің негізінде сот орындаушыларының талабына сай көшіру барысында Д.-ға, яғни бұрынғы жұбайына қатысты қасақана зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап, келтірілген дене жарақаттары салдарынан экс жұбайының денесі көгеріп, қанталаған болатын.

Сотталушының кінәсі оқиға орнында түсірілген бейне жазба сондай-ақ сот-медициналық сараптаманың қорытындысына әрі істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дана Әтешова 12 шілде күні бұрынғы күйеуі мен оның адамдары тәртіп сақшыларымен өзін үйден күштеп, қуып шықпақ болғанын туралы мәлімдеді. Әтешова бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің үстінен бірнеше рет шағымданған.

 

Пікірлер