«Қазақфильмді» Сатыбалдының орнына Айдар Омаров уақытша басқаратын болды

1760
Adyrna.kz Telegram
фото: Facebook.com/@Айдар Омаров
фото: Facebook.com/@Айдар Омаров

Айдар Омаров «Қазақфильм» киностудиясының президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бүгінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының жұмысы қалыпты режимде жалғасып жатқанын хабарлады. Айдар Омаров уақытша Ұлттық киностудия президенті қызметін атқарады», - делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.

Осыған дейін «Қазақфильмді» басқарған актер Азамат Сатыбалды Қытайға түсірілімге кететінін хабарлаған болатын.

Пікірлер