Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" президенті қызметінен кетті

3265
Adyrna.kz Telegram

Азамат Сатыбалды “Қазақфильм” басшысы қызметінен кеткенін растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Сатыбалды қызметтен кетуіне Қытайдағы ауқымды жоба себеп болғанын айтты.

«30 шілдеден бері мен Қытайда болып, халықаралық киножобаға қатыстым. «Қазақфильммен» келісімшартым аяқталды, мен оны ұзартпаймын деп шештім. Мұндай деңгейдегі халықаралық жобаға алғаш рет қазақстандық актер шақырылып, түсірілімге қатысудың бірегей мүмкіндігіне ие болдым. Бұл менің актерлік мансабымдағы елеулі қадам және қазақ өнерін әлемдік аренада танытуға берілген мүмкіндік. Түсірілім Қытайда да, Қазақстанда да бірнеше айға созылады», - деді Сатыбалды.

Алайда мәдениет министрлігі кинокомпания басшысының қызметтен кеткені шындыққа жанаспайтынын айтады. 

Айта кетейік, Азамат Сатыбалды бұл қызметті небәрі бір жыл атқарды.

Пікірлер