Ниқаб, орамал, қара түс болмайды. Тәжікстанда мәдениетті сақтау үшін киімге шектеулер енгізілді

1882
Adyrna.kz Telegram
Сурет: iz.ru
Сурет: iz.ru

Тәжікстанда әйелдерге тар, тым ашық түсті, қара немесе ашық киім киюге қатысты бірнеше шектеулер енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ғұламалар кеңесі ұлттық киімге қатысты арнайы пәтуа шығарды. Онда тәжіктердің ұлттық киімдері "ханафи мәзһабы талаптарына толық сәйкес келеді" делінген. Сондықтан ел тұрғындарына "белгілі бір мақсатпен насихатталған мәдениет пен дінге жат" киімдерді киюден бас тартуға кеңес берілетіні ескертілді.

"Ислам дінінде киім киюдің өз ережелері бар. Бірақ өрнек пен түске ешқандай шектеу қойылмаған. Сондықтан дінімізде ұлттық киім киюге рұқсат етілген. Алайда ұлттық ерекшеліктеріміз бен географиялық жағдайымызға сай келмейтіндіктен, әйелдерге никаб кию ұсынылмайды. Бұл дінімізде де парыз емес. Сондай-ақ жабысып тұратын киім киюден аулақ болыңыз. Құрметті аналар мен әпкелер, ұлттық мәдениетке тағзым етіп, ұлттық нақыштағы киімдерді діни нормаларға сай, "әйел-ана" имандылығына, сондай-ақ ислам этикасының нормаларына сай киіңіздер", – делінген пәтуада.

Ал пәтуада ерлер киіміне қатысты “ерлердің денесі кіндіктен тізеге дейін жабық болуы керек" делінген.

Ғұламалардың шығарған пәтуасы 5 тармақтан тұрады.

"Ұлттық киім киюді сақтау – мәдениеттің бір бөлігі ретінде ұлтты танытудың және ата-баба дінін нығайтудың маңызды құралы.  Сондай-ақ ұлттық мемлекеттілікті нығайтудың, бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі", – делінген.

Сондай-ақ, Тәжікстан президенті наурыз айындағы жиында әйелдердің орамал тағуын "бөтен мәдениетке еліктеу" деген болатын.

Ал 2024 жылдың маусымында Тәжікстанда "ұлттық мәдениетке жат" киімге тыйым салынған. Заң жобасын президент Эмомали Рахмонның өзі ұсынған.

Жаңа заңда ашық еуропалық киімдер мен тым төмен мойын сызығы бар көйлектер, сәніне қарай әдейі жыртылған шалбарларды киюге тыйым салады делінген.

Пікірлер