Ауа ластанды. Шымкенттегі индустриалды аймақта күкірт өртенді

1667
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Шымкентте күкірт зауыты жанып, ауаға жағымсыз иіс тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

27 шілде күні өртенген күкіртті сөндіру үшін  300-ге жуық адам, 100-ден астам техника, 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылып, қызыл жалын оқшауланған.

Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін хабарлады.

Өрт орнына ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы келіп, ЖАО, СЭС және ӨҚКД өкілдері жұмылдырылды.

"Инертті материалдарды төсеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта әуе-мехникалық көбік беру арқылы ашық өрт ошақтары сөндірілді. Оқиға орнында өртті сөндірудің үш жауынгерлік учаскесі ұйымдастырылды. Оттың таралу қаупі жоқ", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Одан бөлек, Шаңырақ шағын ауданының тұрғындары эвакуацияланған.

Желідегі оқырмандар Шымкенттіктерде тыныс алу жолдарының ашуы, жөтел, көздің жасаурауы сынды белгілердің болып жатқанын хабарлады. Мұны күкірт зауытының өртенуі салдарынан ауаның ластануымен байланыстыруда.

Шымкенттік тұрғын, тарихшы Өмірбек Шыныбекұлы күкірт зауытының өртенуіне қатысты:

“Күкірт зауытында өрт шығып, кешелі-бері сөндіре алмай жатыр дейді. Ол пәлені тек құммен ғана сөндіру керек екен, біздің “профилер” су шашыпты”, - деп пікір қалдырған.

Пікірлер