Тараздағы “Запчасть” электро-метталлургиялық зауытында жұмысшы темір балқытатын пешке құлап, қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Облыстық ТЖД-ның мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 10 желтоқсанда болған. Марқұмның денесі толығымен өртеніп кетті.
1972 жылы туған ер адамның артында әйелі мен 3 баласы қалды.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.