Париж-2024. Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

8219
Adyrna.kz Telegram
Сурет: olympic.kz
Сурет: olympic.kz

Пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Финалдық кезеңде отандастарымыз Германия құрамасымен кездесті.

Алғаш рет олимпиада ойындарына қатысып тұрған спортшылар Анна Янсен мен Максимилиан Ульбрихтен басым түсті.

Александра Ле мен Ислам Сәтбаевтың аналары Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының онлайн-трансляциясын үзбей тамашалады.

"Мен әрқашан қызымның жеңісіне сендім. Ол он жылдан бері атыспен айналысады. Ержүрек, әкесіне ұқсаған. Өкінішке қарай, жұбайым Александраның 6 жасында дүниеден озды. Бұған дейін қызым бүкіл әлемге танымал болатынын айтқан болатын. Біз оны бастапқыда Сандра деп атағымыз келді, бірақ содан кейін Александра деген есімге тоқталдық. Барша қазақстандыққа, сондай-ақ жаттықтырушысы Ольга Довгунға қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтамын. Менің қызым — Қазақстанның нағыз патриоты және ешқайда көшуді жоспарламайды", - деді 20 жастағы спортшының анасы.

Ислам Сәтбаевтың анасы Әлия Алмабекқызының айтуынша, 25 жастағы ҚР бірнеше дүркін чемпионы жеті жасынан бастап атыспен айналысады.

"Мен түні бойы ұйықтамадым, уайымдадым, нәтижелері жарияланған кезде мен қатты қуандым! Мен ұлым медаль алады деп сендім, ол өте ынталы және еңбекқор”,—деді чемпионның анасы.

Айта кетейік, қола жүлде жеңіп алған қазақ спортшылары, сондай-ақ олардың бапкерлері мемлекеттен 75 мың АҚШ долларынан алады. Ал Олимпиада чемпионына 250 мың АҚШ доллары, күміс жүлдегерге 150 мың доллар беріледі.

Пікірлер