Майқайыңдағы автобус апаты. Cоңғы құрбанның мәйіті табылды

3550
Adyrna.kz Telegram

 Бүгін, 25 шілдеде Майқайыңдағы кеніште 55 жастағы төртінші құтқарушы Айып Тілеубергеновтің денесі 75 метр тереңдіктен табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мәйіт сараптамаға жіберілді.

«Іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы және айтарлықтай қауіппен жүргізілгенін атап өткен жөн. Тау жыныстары мен топырақ үнемі сырғып түсіп жатты. Жұмыстарға әртүрлі қызметтердің 200-ден астам қызметкері тартылды. 180 мыңнан астам тонна тау массасы шығарылды»,—деді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Еске салайық, 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» АҚ аумағында автобус шұңқырға түсіп кетті. Бұған дейін 3 адамның мәйіті табылған болатын.

Пікірлер