Қарасайда 19 баланы заңсыз оқытқан діни медресе анықталды

1616
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы Қарасай ауданында 19 баланы заңсыз оқытқан жасырын медресе жұмыс істеп тұрғанын анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, Тәжікстан елінің тумасы жеке үйдің аумағында араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолданып, балаларға сабақ берген.

“Тексеру кезінде 179 дана діни әдебиет, сонымен қатар ұялы телефон мен ноутбук тәркіленіп, тиісті сараптамалар белгіленді. Кінәлі адамды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Қазір балалар ата-аналарына қайтарылды”, – делінген хабарламада.

.

Пікірлер